М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Мектепішілік пікірсайыс ұйымдастырылды

Түркістан облысы Отырар ауданы

"М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Тілдер" бірлестігінің айлық күнтізбелік жоспарына сәйкес 28 ші қаңтар күні "Дебат қозғалыстары" үйірме жетекшісі Амантай Бақдәулеттің ұйымдастыруымен мектепішілік пікірсайыс ұйымдастырылды.Пікірсайысқа 9-10-11 сынып оқушыларынан құралған екі фракция қатыстырылды.Берілген қарар тақырыбы 2024 жылдың соңында болған бүкіл республикалық мәслихат депутаттарының форумында 6 минут сөз кезегін алған парламент депутаты Заитов Ринат Рифхатұлының президентке жолдаған ұсынысы еді."ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНА ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ӘДЕБИЕТІН ЕНГІЗУ КЕРЕК" деген ұсынысы болатын.

Пікірсайыс "Дүниежүзілік мектеп форматында" ұйымдастырылды.

Екі кезеңнен тұрды:

1.Конструктивті бөлім.

2.Сараптама бөлімі.

Ойын бастамас бұрын жеребе тартылып фракциялардың позициясы анықталды."Саналы ұрпақ"фракциясы Үкімет, "Шешендік шеберлері" фракциясы Оппозиция.Қарар екі позицияға да оңтайлы.Пікірсайысқа мектеп директоры А.Сыздықәлі,"Тілдер"бірлестігінің жетекшісі Р.Әбдіқадырова және "ШЕБЕР" ұстаз К.Дүйсенова, Ә.Норманова ұстаздарымыз төрелік етті.Әрбір спикердің дебат барысында келтірген аргументі құнды болды.Дебат ережесіне сай ребатл,дефиниция,кристализация жұмыстары жоғары дәрежеде жүргізілді.Тақырып өзекті болғаннан соң спикерлер жоғары дәрежеде өз позицияларын қорғап шықты.7 ші сыныппен 11 сынып аралығына оқу бағдарламасына жаңа қазақстан әдебиетін енгізудің артық тұсыда, кері әсер ететін жеріде табылатынын айқындап көрсетті.

Ойын нәтижесінде "Дебаттық креатив" номинациясымен Тәжітай Шапағат, "Үздік Оратор" номинациясымен Аманкелді Шырайлым,екі бірдей "Үздік Спикер" номинациясымен Болысбек Әнелмен Кәрім Айару, "Үздік Лидер" Тиметов Самат иеленді."Дебат қозғалыстары"үйірмесінің тағы бір жаңалығы бұдан былай әр айдың "Үздік Пікірсайысшысын" анықтап, арнайы ауыспалы марапатты табыстау болды.Қаңтар айының "Үздік Пікірсайысшысы" атағымен Құлтай Әзизбек Мәлһәждәрұлы марапатталды.Мектеп директоры А.Сыздықәлі құттықтап өз тарапынан ақшалай ынталандыру сыйлығын табыстады.Сөз соңында төрешілер алқасы келесі пікірсайыс жарыстарында бұданда жоғары өнер көрсетулеріне сенім білдірді.

Мәлімет беруші "Дебат қозғалыстары" үйірмесінің жетекшісі Амантай Бақдәулет.

Толық ақпарат Facebook парақшамызда