М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Мектептен-мектепке жобасы» әдістемелік күн

М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 24 сәуір күні Отырар аудандық білім бөлімінің бұйрығына сәйкес «Мектептен-мектепке» жобасы бойынша Ы.Алтынсарин мектебінің мұғалімдері келіп, мектепаралық тәжірибе алмасу семинары болып өтті. Семинарға Ы.Алтынсарин мектебінен 18 мұғалім келді. Семинардың мақсаты - М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебіне әдістемелік көмек көрсету. Келген қонақтарды АББ-нің әдістемелік кабинет меңгерушісі әдіскері Д.Ембай таныстырып, әдістемелік көмек беру және өзара тәжірибе алмасу бағдарламасы мен мақсатын түсіндіріп өтті. Мектеп директоры А. Сыздықәлі мектебіміздің тыныс-тіршілігімен қысқаша таныстырып, сабақ өткелі отырған ұстаздарға сәттілік тіледі. Ы.Алтынсарин мектебінің бейінді орынбасары Садыкова Жанат бейінді оқытудың негізгі ұстанымдары мен мақсаттарын жан-жақты ашып көрсетті. М. Алтаева іс-шара барысында «Менің сүйікті кітабым» тақырыбы аясында мазмұнды әрі әсерлі әңгіме өрбіді. Мектеп оқушылары өздері оқыған сүйікті кітаптар туралы ой бөлісіп, авторлар мен кітаптардағы кейіпкерлер жайлы пікірлерімен бөлісті. Р. Молдашева қатысушыларды «Lesson Study» әдісінің мәні мен құрылымымен таныстырды. Қатысушыларға сабақ фрагменттері көрсетіліп, «С» деңгейдегі нақты оқушы әрекеттері мысалға алынды.К. Сарбарова №130 бұйрық бойынша енгізілген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының құрылымы мен мазмұнына тоқтала отырып, мектептегі сынып сағаттарында оқушылардың қауіпсіздік дағдыларын қалыптастырудың түрлі жолдарын ұсынды.А.Байназарова орыс тілі пәнінен 5-сыныпта «Здоровый образ жизни» тақырыбында сабақ өтті. Тақырыпты меңгеруге бағытталған тапсырмалар жүйелі әрі оқушы жас ерекшеліктеріне сай таңдалған. Ағылшын тілі мұғалімі Д. Накипова 6-сыныпқа «Unit 8 Review» сабағын өз деңгейінде өтті. Мұғалімнің сабақты ұйымдастырудағы кәсіби шеберлігі, әр оқушының деңгейіне мән беруі, 6-сынып оқушылары тақырыпты жақсы меңгеріп, өз ойларын ағылшын тілінде еркін жеткізе алды. Г.Ибадуллаева қазақ тілі пәнінен «Жеңіс жалауы желбіреген күн» тақырыбында сабақ өтті. Сабақ барысында оқушыларды топтарға біріктіріп, «Жеңісті жақындатқан жазбалар» тақырыбына күрделі жоспар құрып, шығармашылық тапсырмалар орындады. М.Әмірбек педагог- психолог тренинг барысында 8-сынып оқушыларына «Мен және менің ортам» тақырыбы бойынша түрлі жаттығулар мен ойындар жүргізілді. Тренингтің негізгі мақсаты – оқушыларды өздерін және қоршаған ортадағыларды түсінуге үйрету, өзара құрмет пен түсіністік қалыптастыру, сондай-ақ әлеуметтік ортаға жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамыту болды. Р.Молдашева 3-сыныпта «Дыбыс қалай пайда болады?» тақырыбында сабақ өтті. Мұғалім алдымен дыбыс туралы түсінік беріп, эксперимент жүргізу арқылы дыбыстың қалай пайда болатынын көрсетті. Оқушылар тәжірибе жасап, дыбыс толқындарының таралуын бақылап, алынған нәтижелерді талдады. Ж.Асилханова 7-сыныпта Қазақстан тарихы пәнінен «Ы. Алтынсарин – жаңашыл педагог» тақырыбында сабақ өтті. Сабақтың мақсаты – Ы. Алтынсариннің өмірі мен педагогикалық қызметі туралы оқушыларға толық ақпарат беру, оның жаңашылдықтары мен білім беру саласына қосқан үлесін түсіндірді. Р.Бекмұратова 10 «Г» сыныпта химия пәнінен «Галогендер. Хлорсутек, тұз қышқылы» тақырыбында сабақ өтті. Мұғалім теориялық ақпарат беріп, галогендердің табиғаты мен қолданылуын түсіндірді. Оқушылармен бірге тәжірибе жасап, хлорсутек пен тұз қышқылының қасиеттерін зерттеді. А. Манапова «Эмбрионалдық даму кезеңдері. Ұлпалар мен мүшелердің дифференциялануы. Органогенез» тақырыбында сабақ өтті.Сабақ барысында мұғалім оқушыларды эмбрионалдық дамудың негізгі кезеңдерімен (бластула, гаструла, нейрула, органогенез) таныстырды. Теориялық мәліметтерді меңгерту барысында бейнематериалдар мен диаграммалар қолданылды. А.Байтұрсынова 4-сыныпта әдебиеттік оқу пәні бойынша «Бейбіт өмір тамаша» тақырыбында сабақ өтті. А.Пәржан 9-сыныпта математика пәні «Тригонометриялық тепе-теңдіктерді түрлендіру» тақырыбында сабақ өтті. Мұғалім А.Пәржан сабақ барысында тригонометриялық функцияларды қолдану арқылы теңдеулерді шешу тәсілдерін түсіндірді. Оқушылар теоремаларды қолдана отырып, түрлі тригонометриялық тепе-теңдіктерді шешті. Г.Доланбекова Гүлжайна 8-сыныпта «Линзалар, линзаның оптикалық күші, жұқа линзаның формуласы» тақырыбында сабақ өтті. Мұғалім сабақ барысында линзалардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп, олардың қолданылуы мен ерекшеліктерін талқылады. Оқушылар линзаның түрлерін (оң және теріс линзалар) және олардың оптикалық күшін есептеу әдістерін үйренді. Сабақта теориялық білімдер практикалық тапсырмалар арқылы бекітілді. Оқушылар линзалардың бейнесін қалыптастыру және олардың фокус арақашықтығын анықтау және зерттеу әдістерін қолданды. М. Ордабаева информатика пәнінен «Оқу тиімділігін арттыратын қолданбалар мен онлайн сервистер» тақырыбында сабақ өтті. Мұғалімдерге цифрлық сауаттылықты арттыру үшін тиімді платформалар ұсынылды, олардың ішінде Stem_hub.kz, Toytheter, Umaigra, Lumio, Flippity.Net, Classroomcskreen сияқты ресурстар бар. Бұл платформалар сабақты ұйымдастыруда, топтық жұмыс жасауға, үй тапсырмасын пысықтауға және кері байланыс жасауға көмектеседі. Бұл сабақ педагогтерге цифрлық құрылғыларды тиімді қолдану арқылы шығармашылықтарын дамытуға мүмкіндік берді. М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры А. Сыздықәлі сөз сөйлеп, Алтынсарин мектебінің ұстаздары М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінде өткен әдістемелік күн барысында пән мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, өзара тәжірибе алмасты. Сабақтарда мұғалімдер оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін, цифрлық құралдарды тиімді пайдалана білді. Қатысушы мұғалімдер белсенділік танытып, әріптестерімен кері байланыс орнатты. Ашық сабақтар білім сапасын арттыру мен оқушы қызығушылығын оятуда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді. Іс-шара соңында мектеп директоры мұғалімдерге алғысын білдіріп, осындай әдістемелік күндердің маңыздылығын ерекше тоқталды.

Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры А. Асылбеков бүгінгі күннің маңызына тоқтала отырып, іс-шарада белсенділік танытып, қатысқан ұстаздарға алғыс айтты, қорытынды сөзді аудандық әдістемелік кабинет меңгерушісі Д.Ембай «Мектептен-мектепке» жобасы биылғы оқу жылында қолға алынды, өз нәтижесін беріп жатқанын, барлық пән мұғалімдерінің сабақтарына тоқталып, сабақтардың жоғары деңгейде өткенін атап өтті.