«М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ мектепалды даярлық сыныбының 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күніне өткен іс-шарасы болып өтті.
Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан.
Мақсаты: Балалардың туған елі – Қазақстан туралы түсінігін кеңейту .Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні туралы қарапайым әрі түсінікті түрде алғашқы түсінік қалыптастыру. Туған жері мен еліне деген жылы сезімдерін оятып, Отанын жақсы көруге тәрбиелеу. Мемлекеттік рәміздермен (Ту, Елтаңба, Әнұран) таныстырып, оларды құрметтеуге баулу.
Іс-шара барысында балалар елге, жерге арналған тақпақтар мен ақындардың жүрекжарды өлеңдерін жатқа айтып, өздерінің Отанға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Хормен патриоттық әндер орындалып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба, Әнұран туралы мағлұматтар беріліп, оларды жатқа айту арқылы балалардың азаматтық көзқарасы мен ұлттық құндылықтарға деген құрметі нығая түсті.Педагог Тәжібаева Мақпал.
#патриоттық тәрбие
#менелімді сүйемін





