ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ: «БІЗДІҢ БІРЛІГІМІЗ - БОЛАШАҚТЫҢ БІЛІМІНДЕ»
Түркістан облысы, Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 05.03.2025 жылы «Біздің бірлігіміз - болашақтың білімінде» атты өнер фестивалі өткізілді.
Мақсаты: Балалар мен жасөспірімдер және жастар арасында талантты, өнерлі балаларды анықтау, сахнада жеткіншектердің талабын қолдап, талантын ашу, жастарды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, халқының тарихын білуге тәрбиелеу.
Өнер фестиваліне аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Рысбай,Балалар мен жасөспірімдер орталығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Жұмабайқызы, Балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастырушы педагогы С.Әбдірахманова мен музыка жетекшісі Ж.Әсілхановтар қатысып, мектеп ұжымы мен өнерлі шәкірттерімізге оң бағасын беріп, шығармашылық табыстар тіледі.