ӨНЕР МЕН ҒЫЛЫМДЫ ҰШТАСТЫРҒАН ӨРЕНДЕР»
Осы тақырып аясында Түркістан телеарнасының «Жаңа толқын» бағдарламасына мектебіміздің дарынды оқушылары арнайы шақырылып, тікелей эфирде сұхбат берді.
Бакира Мирас Талғатұлы
Республикалық «Әбіш оқулары» облыстық кезеңінде «Аңыздың ақыры» романындағы Әмір Темір бейнесі және билік психологиясы тақырыбындағы зерделеу жобасы бойынша І ОРЫН иеленді.
Тәжітай Шапағат Ерғалиқызы
– Облыстық Мұқағали Мақатаев оқуларында «Айтып өткен ақында арман бар ма?» бағыты бойынша жүлделі нәтиже,
– Облыстық «Махамбет оқулары» аясында «Тартынбай сөйлер асылмын...» бағыты бойынша І ОРЫН,
– Облыстық Мәшһүр оқуларында ақындар мүшәйрасы бойынша үздік өнер көрсетіп, республикалық кезеңге жолдама алды.
Өнер мен білімді қатар алып жүрген шәкірттеріміз — болашақтың жарқын жұлдыздары!
Жетістіктеріңіз еселене берсін!
#ӨнерМенҒылым #ЖаңаТолқын #ДарындыОқушылар #МектепМақтанышы #Жетістік





