М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“ОҚИТЫН СЫНЫП” ЖОБАСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Отырар ауданында “Оқитын сынып” жобасы аясында өткізілген қорытындылау шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Бұл жоба оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, рухани дамуына үлкен серпін берген маңызды бастама болды.

🏆 Шара барысында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталды:

✨ Бас жүлде – М. Әуезов атындағы ЖББМ

Жетекшісі: Бозымбаева Айгүл

Оқушысы: Балтабай Гүлден

🥇 І орын – Шоқан Уәлиханов атындағы ЖББМ

Жетекшісі: Сағындық Ұлбала

Оқушысы: Орынбасар Еркеназ

Қалған мектептер ll және lll дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, олардың еңбектеріне толағай табыс тілейміз!

📖 Кітап – білімнің қайнар көзі, ал оқитын ұрпақ – ел ертеңі. Осындай игі бастамалар жалғасын тауып, жас ұрпақтың білімге деген құштарлығы арта берсін!

#ОқитынСынып #Отырар #КітапОқу #Білім #РуханиДаму