Оқу мен еңбектің жемісі: ұстаз бен шәкірт жетістігі
Республикалық ауыл мектептеріне арналған ағылшын тілі пәні бойынша өткен олимпиадада мектебіміздің 10-сынып оқушысы Қалдыбай Ұлту ерекше табыстарға қол жеткізіп, жүлделі екінші орынды иеленді. Бұл жеңіс – оның білімге деген құштарлығы мен талмай ізденісінің жемісі.
Шәкіртінің білім бәйгесінде жоғары нәтиже көрсетуіне ықпал еткен ұстазының еңбегі де ерекше бағаланды. Аудандық білім бөлімі Таскентбаева Замираға шәкіртіне берген сапалы білімі мен білім беру саласындағы адал еңбегі үшін Дубай қаласына бір аптаға демалуға жолдама сыйлады.
Бұл оқиға – ұстаз еңбегінің лайықты бағалануы мен білім саласына көрсетілген қолдаудың жарқын үлгісі. Мұндай жетістіктер басқа да оқушылар мен мұғалімдерді жаңа белестерді бағындыруға шабыттандырары сөзсіз.