М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

оқу-жаттығу өткізілді

09.12.2025 жылы сағат 11.00-де М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінде террорлық шабуылдың алдын алу және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылды пысықтау мақсатында жоспарлы оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шара барысында мұғалімдер мен оқушыларға күдікті затты анықтау, эвакуация тәртібі, қауіпсіз аймаққа шығу жолдары және жедел қызметтерге хабар беру алгоритмі түсіндірілді.

Оқу-жаттығу екі кезеңнен тұрды:

1. Теориялық бөлім:

Террористік қауіп жағдайында өзін ұстау ережелері;

Күдікті тұлғалар мен заттарды тану белгілері;

Мұғалімдерге арналған эвакуация жоспары және жауапкершіліктерді бөлу;

112, 102, 110, 103 қызметтеріне хабарлау тәртібі.

2. Практикалық бөлім:

Дабыл сигналы берілгеннен кейін барлық сыныптар белгіленген бағыттар бойынша мектеп ғимаратынан ұйымдасқан түрде эвакуацияланды;

Мұғалімдер оқушылардың толық құрамын тексеріп, қауіпсіз аумаққа жинады;

Қауіпсіздік қызметі ғимаратты шартты түрде тексеру жұмысын жүргізді;

Жаттығудың қорытындысы бойынша кемшіліктер талданып, ұсыныстар берілді.

Оқу-жаттығу жоспарға сәйкес өткізілді. Қатысушылар эвакуация тәртібін дұрыс орындап, берілген нұсқаулықтарды толық сақтады. Мұғалімдер мен оқушылардың террорлық қауіп жағдайында әрекет ету дағдылары нығайды, қауіпсіздік мәдениеті арта түсті.

Өткізілген сейсмикалық жаттығуға 31- мұғалім және 25-кіші қызметкер, I аусымдағы 1-4 және 8-11 сыныптар арасында 441 оқушы қатысты.

Іс-шара барысында мектептің қауіпсіздік деңгейін арттыруға, төтенше жағдайлар бойынша дайындықты жетілдіруге, сондай-ақ оқушылар мен қызметкерлердің өз-өзін қорғау қабілеттерін дамытты.Толық ақпарат facebook парақшамызда