М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылы 15 мамыр жалпы ұлттық ата- аналар жиналысы жасөспірімдердің арасындағы «Отбасы тәрбиесіндегі құндылықтар: өзектілігі және шешу жолдары» және жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша жалпы ата – аналар жиналысы өтілді. Жиналысқа комитеті төрағасы С.Төленбаевжәне оның мүшелері, Көксарай ауылдық қауымдастық қоғамының мүшесі Қайрат Аймурзаев, ОАІІБ-нің ЖПҚ ЮПТ-ның инспекторы полиция лейтенанты Нұржан Төлегендер қатысты.
Жиналыста отбасы тәрбиесіндегі құндылықтар, өзекті мәселелерді шешу жолдары жайында айтылды. Отбасы тәрбиесіндегі рухани - адамгершілік құндылықтарының маңызына тоқталды. Ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін, ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрдің маңызын атап өтті.
Қазіргі жастар арасындағы отбасылық түсініспеушіліктер мен жанжалдардың себептері туралы, ол отбасындағы қарым-қатынасты нығайту жолдарын ұсынды.
Отбасындағы махаббат, сыйластық, жауапкершілік, шынайылық секілді негізгі құндылықтарды дамыту қажеттігін, сонымен қатар, ата-аналар мен мектеп арасындағы тығыз байланысты арттыру туралы ұсыныстар айтылды.
ОАІІБ-нің ЖПҚ ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты Нұржан Төлегеннің айтуымен құқықбұзушылықты болдырмау, жаз мезгіліндегі су, өрт қауіпсіздігінің алдын алу жолары, зиянды әрекеттердің (шылым, ішімдік, нашақорлық) денсаулыққа қауіптілігі және оны болдырмаудың жолын кесу, интернетке тәуелділік, кибербуллинг, онлайн қауіпсіздік туралы айтылып, ата-аналарға нақты кеңестер берілді.
жиналыс соңында Республика, Облыс олимпиада, байқау жүлдегерлерінің ата- аналары марапатталды.