М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Отырар: Ұлы тарихтың ізімен.

Отырар: Ұлы тарихтың ізімен.

4.05.2025 ж “М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп” кмм 7-сынып оқушылары және сынып жетекшілері Нарымбетов Дархан, Оспанов Әбдірасул, Исаева Мира, Тахметова Назерке, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байысбаев Біржан ағайлар бастап қасиетті Отырар өңіріне тарихи-танымдық саяхат жасады. Бұл сапар жас ұрпаққа қазақ халқының бай мәдениеті мен тарихын тереңірек тануға мүмкіндік берді.

Отырар – Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, көне замандардан келе жатқан қалалардың бірі. Бұл мекен – ғылым мен мәдениеттің ордасы болған. Орта ғасырда Отырарда көптеген ғалымдар мен ойшылдар өмір сүрді. Солардың бірі – әйгілі ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби.

Сапар барысында біз Арыстан баб кесенесіне бардық. Арыстан баб – ислам дінін насихаттаған әулие кісі. Аңыз бойынша, ол Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы болған. Кесене басында зиярат етіп, оның рухына Құран бағыштадық.

Келесі бағытымыз Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі болды. Бұл кесене – ЮНЕСКО мұралары тізіміне енген, сәулет өнерінің теңдесі жоқ үлгісі. Қожа Ахмет Ясауи – түркі әлемінің рухани көшбасшысы, сопылық ілімнің негізін қалаушы. Оның даналығы мен тағылымы бүгінгі ұрпақ үшін де аса маңызды.

Бұл сапар бізге ұлтымыздың өткенімен мақтануға, бабалар аманатына адал болуға, тарихымызды құрметтеуге үлкен әсер қалдырды.