М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Озық ойлы оқушы" интеллектуалды сайысы өткізілді.

М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп комуналдық мемлекеттік мекемесінде "Жаңашыл ұстаз - цифрлы әлемде" бастауыш айлық іс-шарасы аясында 3 сыныптар бойынша бастауыш сынып мұғалімдері Афизова Гүлназ және Алишерова Аминаның ұйымдастыруымен "Озық ойлы оқушы" интеллектуалды сайысы өткізілді. Мақсаты: Білімді, тапқыр, шығармашыл және жан-жақты ойлай алатын оқушыларды анықтау, олардың логикалық ойлау қабілеттерін, білімге деген құштарлығын және өз пікірін еркін жеткізе алу дағдыларын дамыту.

Интеллектуалды сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.

1. Көптілді тапсырмалар

2. Математикалық мастерлер

3. Ақыл-ой алаңы

4. Ертегілер елі

5. Жаратылыстану-дүниетану бағыты

6. “Шығармашылық қабілетін дамытатын

ерекше боямақтар!”

Сайыста оқушылар қазақ тілі,орыс тілі, ағылшын тілдеріне байланысты сөйлемдерді үш тілге аударып,сәйкестендіру тапсырмаларын орындады.

«Арқан тартыс» ұлттық ойынын ұштастыра отырып, оқушылар көбейту кестесін үш топ жарыса орындады.

Сайыс қорытындысы бойынша келесі номинациялармен марапатталды

1. «Көшбасшы» топ

2. «Шығармашыл» топ

3. «Ақыл-ой үздігі»

Интеллектуалды сайыстың нәтижесінде оқушылардың оушылардың белсенділігі артты.