М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіске 80 жыл"

"Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіске 80 жыл"

М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 6.05.2025 жылы “Жас математик” үйірмесіне қатысатын 3-сынып оқушылары "Жас математик" үйірмесінің жетекшісі Жандарбаева Ғазиза Серғаділләқызы жетекшілігімен Жеңіс күніне арналған іс-шараға қатысты.

Іс-шара барысында оқушылар соғыс тақырыбында өлең шумақтарын мәнерлеп айтып, соғыс ардагерлеріне тағзым етті. Сонымен қатар, тақырыптық пазл құрастыру арқылы өз ойлау қабілеттерін дамытып, тарихқа деген қызығушылықтарын танытты.

Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақты Отанын сүюге, бейбітшілікті қадірлеуге және ата-баба ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу.