М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Рухы биік әкелер – ұлт болашағын мәпелер!

Рухы биік әкелер – ұлт болашағын мәпелер!

2025 жылғы 22 қаңтар күні М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектепте «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 8-9 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен, «Даналық мектебі» жобасы аясында «Рухы биік әкелер – ұлт болашағын мәпелер!» тақырыбында Әкелер мектебі клубының мүшелерімен іс-шара өткізілді.

Іс-шараға ауылымыздың қадірлі қонақтары – Көксарай ауылының әкімі Қалмұратұлы Әлімжан, аудандық Әкелер мектебінің төрағасы Башар Медет, ардагер ұстаз Ахметов Абдулла, ауданымыздың «Құрметті азаматы» Тоқбергенов Оңалбек, сондай-ақ әртүрлі салада еңбек етіп, отбасына қамқор болып жүрген үлгілі әкелер қатысты. Олардың қатарында өнер саласының саңлағы Өтетілеуов Палымбет, көп балалы отбасын асырап отырған мал шаруашылығы шебері Ержігітов Еркін, ардагер ұстаз Өтегенов Анықбай, жыршы-термеші Сырлыбаев Батухан, электр маманы Дәулетбеков Қанат, атбегі Бегимов Нұралы, республика көлемінде жеті қазынаны дәріптеп жүрген құмай тазы асыраушы Жұмашов Бахтияр, үздік дәнекерлеуші Абдукаримов Бағлан, мәдениет саласының маманы Көкішов Мақсат болды.

Кездесу барысында мектеп психологтары Г. Серікбаева мен А. Көбей ұйымдастырған «Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру» айдары аясында әкелерге арнайы сұрақтар қойылып, қызықты пікір алмасу өткізілді. Сонымен қатар, үстел теннисі үйірмесінің жетекшісі М. Атақай қонақтармен бірге үстел теннисінен жарыс ұйымдастырды.

Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ғ. Қаныбек патриоттық тәрбиенің отбасынан бастау алатынын айта келе, әкелермен бірге мергендік шеберлікті насихаттау мақсатында тир атудан жарыс өткізді.

Кеште ұлттық дәстүрді дәріптеу де басты назарда болды. Саятшы, құмай тазы баптаушы Жұмашов Бахтияр балаларды саятшылықты үйренуге шақырса, атбегі Бегимов Нұралы атбегіліктің қыр-сырын баяндады. Жыршы Сырлыбаев Батухан терме орындап, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Кеш соңында мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы келген қонақтарға және барлық қатысқан әкелерге алғысын білдіріп, іс-шараны қорытындылады.

Ұлы Бауыржан Момышұлының «Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын» деген сөзі еске түсіп, қазақтың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын насихаттаудың маңыздылығы тағы да айқындалды.

Бірлігіміз бекем, ұрпағымыздың болашағы жарқын болсын!

Толық ақпарат Facebook парақшамызда