М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“Шабыт шыңы” атты өнер фестивалінің аудандық Гала-концерті Жеңіс жолы – шабыт пен еңбектің жемісі!

“Шабыт шыңы” атты өнер фестивалінің

аудандық Гала-концерті

Жеңіс жолы – шабыт пен еңбектің жемісі!

02.04.2026 жыл

Аудандық “Шабыт шыңы” өнер фестивалінде мектебіміз БАС ЖҮЛДЕНІ иемденіп, үлкен жетістікке қол жеткізді!

Бұл – оқушыларымыздың таланты мен тынымсыз еңбегінің, сондай-ақ ұстаздарымыздың кәсіби шеберлігінің айқын дәлелі.

Фестивальдің негізгі мақсаты – ауданымыздағы дарынды балалар мен жасөспірімдердің өнерін дәріптеу, олардың сахналық мәдениетін дамыту, сондай-ақ ұлттық құндылықтар мен патриоттық рухты насихаттау болды.

Әрбір сахнаға шыққан өнерпаз өз өнерімен көрермен жүрегіне жол тауып, кештің сәнін кіргізді.

Кішкентай 1-сынып бүлдіршіндері көктемнің нәзіктігін жеткізген «Гүлдер» биімен көпшілікті сүйсіндірді.

3-сынып оқушысы Намазбай Асылжан «Мен қазақпын» әнін орындап, ерекше рух сыйлады.

«Ақжарқын» би тобы «Ақмаңдайлым» әніне әсем вальс билесе, «Аяла» би тобы «Өсиет» әніне жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Ал 9–10-сынып оқушылары Сейдахмет Рахман мен Аймырза Нұрбақыттың орындауындағы финалдық әндер кештің шарықтау шегі болды.

Көрермендер кеш бойы әр нөмірді ерекше ықыласпен тамашалап, өнерпаздарға жылы лебіздерін білдірді.

Бұл жеңіс – мектебіміздің директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғабпарқызының бастамасы мен ұстаздарымыздың тынымсыз еңбегінің нәтижесі.

Шәкірттерімізді дайындауда мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Байсбаев Біржан, Ерден Сандуғаш, ұйымдастырушы-педагог Төреханова Айнұр, мектеп тәлімгерлері Мыңбаев Мадияр, Сейдаз Гүлзат, «Көркемөнерпаздар» үйірмесінің жетекшісі Байдарбекова Лаззат, Мамырайымова Жазира, қазақ тілі пәні мұғалімдері Әлішері Айнұр, Әбдіқадыр Раушан, Киізбай Жайна, Тоқсанбаева Гүлайна, Сыздықова Әсем және тарих пәні мұғалімдері Мауленова Гүлбахрам, Үкібаева Еркінай, бастауыш сынып мұғалімдері Қасым Жаңагүл, Афизова Ақерке, үйірме жетекшілері Кентайбек Толқын, Әбжаппар Бибізат, Жақсылық Назерке, Сапарбаева Жұлдыз, Байболаева Ұлбосын зор үлес қосты.

Еңбек пәні мұғалімдері Башаров Самат, Төленбаева Дариға, Дулатов Данияр, Әбжаппар Бибізат және информатика пәні мұғалімі Сейітхан Жазираның жетекшілігімен талантты оқушыларымыз Амантай Інжу, Балтабай Гүлден, Әбибулла Айзере, Алпысбай Айару, Оразбай Айбол, Асан Асылхан, Орынқожа Кәусар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көрмеге қойып, көпшілікке ұсынды.

Көрермендер назары кеш бойы әр туындыға ауып, өнерге деген ыстық ықыластарын білдірді.

Шараны аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығы ұйымдастырып, өңірдегі түрлі мектептер мен шығармашылық ұжымдардан келген жас таланттар өз өнерлерін ортаға салды.

Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханұлы мен аудандық білім бөлімінің басшысы Құдайберген Шербаев жас өнерпаздарға қолдау білдірді.

Фестивальге облыстан арнайы келген қонақтар – облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының педагог-ұйымдастырушысы Бексұлтан Керімбеков, Түркістан облыстық балалар мен жасөспірімдер орталығының бөлім меңгерушісі Ербол Сәметов, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің аға оқытушысы, білім беру ісінің үздігі Салтанат Ағабекова – қатысушыларға әділ бағаларын беріп, кәсіби бағыт-бағдар көрсетті.

Шараның ашылу сәтінен бастап сахнадағы әрбір нөмір көрермендердің қызығушылығын арттырды. Би, күй, ән, мюзикл, көркемсөз оқу және қойылым секілді түрлі жанрлар кештің мазмұнын байыта түсті.

Фестиваль қорытындысы бойынша қатысушыларға алғыс хаттар мен марапаттар табысталды. Әділқазы алқасы өнерпаздардың жоғары деңгейін атап өтіп, мұндай мәдени іс-шараларды дәстүрге айналдыру қажеттігін жеткізді.

— Бұл фестиваль балалар мен жасөспірімдердің бойындағы талантты ашуға үлкен мүмкіндік береді. Біз олардың шығармашылығын қолдап, рухани өсуіне жағдай жасауға әрдайым дайынбыз, — деді Ербол Сәметов.

Салтанат Ағабекова да өз ықыласын білдіріп, ерекшелігімен көзге түскен өнерпаздарға қолдау көрсетті. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті басшылығының шешімімен Досбол Ханшайымға университетте 100 пайыз тегін оқу гранты ұсынылды. Сонымен қатар, Оразбай Абайға да болашақта осы оқу орнын таңдауға ұсыныс білдірілді.

Байқау қорытындысы:

Бас жүлде — М.Әуезов ЖББМ

І орын — М.Шаханов, Т.Ибрагимов мектептері

ІІ орын — Жамбыл мектеп-лицейі мен №1 жайлы мектеп

ІІІ орын — Р.Бердібай, Көкмардан мектебі және Ш.Қалдаяқов мектеп-гимназиясы

Осылайша аудандық өнер фестивалі қатысушылар мен көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлап, көпшілікті әсем өнер әлеміне жетеледі.

Өнер додасында жоғары деңгейде өнер көрсеткен жас дарындарымызға алғысымыз шексіз!

Жеңіс жолында аянбай еңбек еткен ұстаздар қауымына және әрдайым қолдау білдіріп жүрген ата-аналарға ерекше ризашылығымызды білдіреміз.

Мектебіміздің мерейі асқақтай берсін, алар асуларымыз бұдан да биік болсын!

Толық ақпарат facebook парақшамызда