М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Шахмат үйірмесі-бұл спорт, ғылым және өнер!

Шахмат үйірмесі-бұл спорт, ғылым және өнер!

Бүгін 4.02.2026 жылы "М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Шахмат үйірмесінің жетекшісі Кәдірбердиев Жандардың жетекшілігімен "Болашақтың ұтқыр ойлы ұрпағы" атты тақырыпта мектепішілік жарыс өтілді.

Бұл жарысқа 4-5-6-7 сынып оқушылары қатысып, өзара мықтылары сыналды.

Бұл жарыстың мақсаты-оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, сабырлық пен шыдамдылыққа баулу және әділ бәсекенің рухын қалыптастыру.

♟️Шахмат-бұл жай ғана тақта үстіндегі фигуралардың қозғалысы емес, бұл психологиялық дуэль және адам төзімінің шегін сынайтын нағыз интеллектуалдық драма екені белгілі.

Тартысты өткен жарыс нәтижесінде:

І-орын Жұмабай Аяулым 7-сынып.

ІІ-орын Уәзірхан Нұрымжан 4-сынып.

ІІІ-орын Назарбек Рамазан 4-сынып.

ІІІ-орын Рахымберді Арман 7-сынып.

Үздік ойыншы Мұхит Жігер 4-сынып.

Үздік ойыншы Мейрамбай Ерқанат 6-сынып.

Жарыс жеңімпаздарын ҚББП Ә.Ахмет мектеп директоры А.Сыздықәлінің арнайы алғыс хаттарын табыс етті.