СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ.
Спорт-бақытқа бастар жол.
"Шынықсаң-шымыр боласың" демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі-спорт. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат-шадымен өмір сүруге де жетелейді екен.
Осы орайда 27.12.2024 жылы күні Отырар аудандық мәдениет сарайында жыл қорытындысымен жетістікке жеткен спортшыларды марапаттау рәсімі өтті.
Ауданның атын шығарып, қала берді шет елдерде еліміздің Әнұранын шырқатып, Туын көкке көтеріп жүрген жас спортшылар мен жаттықтырушыларға алғыс хаттармен бағалы сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар шара барысында спорт саласында жетістікке жеткен ауыл округ әкімдері де марапатталды. Үздік спортшылар мен аудандық спартакиада жеңімпаздарын, спорт ардагерлерін, үздік спорт мекемелерін, аудан спортының өсіп-өркендеуіне үлес қосып, қолдау білдіріп демеушілік көрсеткен қолы ашық, жаны жомарт бір топ азаматтарға да құрмет көрсетілді.
Осы сахнада біздің "М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұжымы да "Ұлттық мектеп лигасы" жобасы аясында спорт түрлері бойынша 5-6 сынып оқушылар І-орын және 9-11 сынып оқушылар ІІ-орынды иеленді. Мектеп ұжымын жеңісімен құттықтаймыз!