"М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11.02.2025 жылы атаулы күндерді атап өтуге байланысты "Мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туылғанына 130 жыл" толуына орай үстел теннисінен 5-7 сыныптар аралығында мектепішілік жарыс өтілді.
Мақсаты: Үстел ойынын дәріптеу және оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту. Жарысқа мектептің 5-7 сынып оқушылары қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсете білді.
Жарыс қорытындысы бойынша: Жүлделі І-орынды 6-сынып оқушысы Пернебек Нұрасыл жеңіп алды, ІІ-орынды 6-сынып оқушысы Уалихан Төраділ иеленді, ал ІІІ-орындар 6-сынып оқушысы Пернебек Ерасыл мен 7-сынып оқушысы Құралбек Бақдаулеттерге бұйырды. Сондай-ақ, ойында жақсы ойын көрсеткені үшін 6-сынып оқушысы Әбілда Ерасыл марапатталды.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байысбаев. Біржан және Қосымша білім беру педагогы Ахмет. Әбдіманап құттықтау сөз сөйлеп, оқушылардың жетістіктерін жоғары бағалап, мектеп директорының алғыс хаттарымен марапаттады. Бұл жарыс оқушылардың үстел теннисі ойындарына деген қызығушылықтарын арттыруға дамытуға ықпал етті. Спорттық ойындарды сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізейік!