М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Үстел теннисінен 6-7 сыныптар арасында мектепішілік жарыс өтілді

"М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 3.10.2025 жылы атаулы күндерді атап өтуге байланысты. "Қазақтың тұңғыш романының авторы, ақын, публицист мәдениет және қоғам қайраткері М.Дулатовтың туғанына 140 жыл" толуына орай Үстел теннисі үйірмесінің жетекшісі Атақай Мұратбектің ұйымдастыруымен 6-7 сыныптар арасында мектепішілік жарыс өтілді. Ойынның мақсаты: оқушылар арасында татулық пен салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Тартысты өткен ойынның үздік ойыншысы болып Құралбай Исламхан, жақсы ойын көрсеткені үшін Раманқұл Аслан және 3-орын алғаны үшін Құралбек Бақдәулет пен Мұсақан Бақдәулет, 2-орын алғаны үшін Пернебек Ерасыл мен Мақұлбек Дияр, ал жүлделі 1-орында Пернебек Нұрасыл иеленді. Жарысты тамашалаған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Байысбаевпен қосымша білім беру педогогы Ә. Ахметтер үздік ойыншылар мен жүлделі орын алған командаларға мектеп директоры А.Сыздықәлінің арнайы алғыс хаттарын табыс етті.