М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Үстел теннисінен мектепішілік жарыс өтілді

"Үстел теннисі-әлемдегі кең тараған спорт түрі"

"М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 28.01.2025 жылы атаулы күндерді атап өтуге байланысты "Мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 130 жыл" толуына орай үстел теннисінен мектепішілік жарыс өтілді.

Мақсаты: Үстел ойынын дәріптеу және оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамыту. Жарысқа мектептің 7-8 сынып оқушылары қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсете білді.

Жарыс қорытындысы бойынша: Жүлделі І-орынды 8-сынып оқушысы Тұрарбек Мейрамбек жеңіп алды, ІІ-орынды 8-сынып оқушылары Құралбек Нұрдаулет пен Тұрарбек Нысанбектер иеленді, ал ІІІ-орынды 8-сынып оқушысы Маханбетәлиев Әлихан мен 7-сынып оқушысы Әлсейт Мансұрларға бұйырды. Сондай-ақ, ойында жақсы ойын көрсеткені үшін 8-сынып оқушысы Балғабай Шадияр марапатталды.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жөлекбаев Ерден ағай және Қосымша білім беру педагогы Ә.Ахмет құттықтау сөз сөйлеп, оқушылардың жетістіктерін жоғары бағалап, мектеп директорының алғыс хаттарымен марапаттады. Бұл жарыс оқушылардың үстел теннисі ойындарына деген қызығушылықтарын арттыруға дамытуға ықпал етті. Спорттық ойындарды сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізейік!

Толық ақпарат Facebook парақшамызда