Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған мектепішілік қол добы жарысы
М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың мамыр айында қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай "Қол добы" үйірме жетекшісі Тастанбек Қазыбектің ұйымдастыруымен спорттық шаралар өткізілді. Соның бірі – оқушылар арасында өткізілген мектепішілік қол добы жарысы.
Жарыстың мақсаты – оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануын насихаттау, спортқа деген қызығушылығын арттыру, сонымен қатар ақынның шығармашылығын дәріптеу.
Жарысқа әр сыныптан жасақталған командалар белсенді қатысты. Жарыс жоғары деңгейде өтті, оқушылар өздерінің жылдамдығы мен шеберліктерін көрсетіп, нағыз командалық рухты сезінді. Әділқазылар алқасы ойын барысын мұқият қадағалап, жеңімпаздарды әділ анықтады.
Жеңімпаздар:
- I орын – 7 “Ә” сыныбы
- II орын – 7 “А” сыныбы
- III орын – 6 “А”сыныбы
Барлық қатысушылар мақтау қағаздары және естелік сыйлықтармен марапатталды. Бұл жарыс оқушылар үшін есте қаларлық шара болып, Тұманбай Молдағалиевтай ұлы тұлғаның есімін ұлықтауға өз үлесін қосты.