«М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдык мемлекеттік мекемесінде 3 «Ә» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Дарибекова Бақыттың ұйымдастыруымен Наурыз мейрамына орай «Төрлет,әз-Наурыз!»атты мерекелік тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты:Оқушыларға ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының маңыздылығын түсіндіру,халқымыздың «Бесікке салу» сияқты асыл дәстүрін насихаттау, ұлттық құндылығымызды дәріптеу.
Шәкірттеріміз бір-бірімен көрісіп,«Жасың құтты болсын!»деп амандық саулық сұрасты.Іс –шараны Қыдыр атамыз Біржан ағай ақ батасын беріп,елге амандық тіледі.Тәрбиенің ең киелі сәті-нәрестені бесікке салу рәсімі болды.Тоғжан әжеміз бесікті адыраспанмен аластау, «Тыштырма»жасау және нәзік үнімен «Бесік жырын» айтып, көрермендерді ерекше сезімге бөледі. Оқушылар «Наурыз-көктем» хоры мен «Алақай,Наурыз»әнін орындап ,көңіл –күйді көтерді. Рухымызды асқақтататын«Қазақ», «Қазағым», «Текті қазақ» әндері орындалды. . «Көктем гүлі»биімен көктемнің нәзіктігін жеткізсе, «Бәйге» биімен сахнаны дүбірге бөлеп,қазақ тұлпарының екпінін көрсетті.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!





