«М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп»коммуналдық мекемесінде
3 «Ә» сыныбында Дарибекова Бақыттың жетекшілігімен
«Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
«Тәуелсіздік – тірегім, Қазақстан – жүрегім» атты тәрбие сағаты өтілді.
Тәрбие сағатының мақсаты – жас ұрпақтың бойына елге, жерге, ұлтқа деген сүйіспеншілікті дарыту, отансүйгіштік пен адал азаматтық қасиеттерді қалыптастыру.
Шара барысында оқушылар Тәуелсіздіктің бастауы болған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы туралы мағлұмат алып, ел азаттығы жолында құрбан болған ерлердің рухына тағзым етті.
Кеш барысында жүрекке жеткен «Желтоқсан желі», «Тәуелсіздік ел ұраны» әндері орындалып, Намазбай Асылжан «Қазағым-ай», «Көкшолақ» әндерін әуелете шырқады.Тәуелсіздік,Отан туралы өлеңдер оқыды.
Ал Серік Айсұлтан,Намазбай Асылжан,Әлібек Айсұлтан «Хас жүйрікте сын болмас» әнін орындауында ерекше әсер қалдырды.
Бұл тәрбие сағаты оқушылардың бойында патриоттық рухты оятып,
Тәуелсіз елдің адал азаматы болуға деген сенімін нығайтты.





