М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“Тарихпен тербелген – Тәуелсіздік!”

“Тарихпен тербелген – Тәуелсіздік!”

Бүгін 12.12.2025 жылы “М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 10 сынып жетекшілері Л. Байдарбекова, Г.Туганбаева, А. Абдукаримова, Р.Дурманова және үйірме жетекшілері Г. Мауленова, Е.Укубаева, А. Төреханова, Б.Амантаевтың ұйымдастыруымен 16 - Желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне орай, Ұлы Дала елінің хандық дәуірінен бастап, Желтоқсан жаңғырығы мен Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жарқын келбетіне дейінгі тарихи жолды бейнелейтін «Тарихпен тербелген – Тәуелсіздік» атты тағылымды іс-шара өтті.

Шара барысында:

Ел тарихындағы шешуші кезеңдерді қамтитын монологтар оқылып,

«Бес арыс» тұлғаларының рухын танытатын көріністер қойылып,

Қазақ халқының азаттық жолындағы күресі терең мазмұнда бейнеленді.

Ұрпақ санасына ұлттық рухты сіңіріп, елдіктің қадірін ұғындыруды мақсат еткен бұл шара оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, Тәуелсіздіктің бағасын терең түсінуге ықпал етті.

Тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін!

Еліміздің болашағы – білімді, рухты, отаншыл жастардың қолында!

 

Толық ақпарат facebook парақшамызда