М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

тегін ыстық тамақтың берілуіне тексеру жүргізді

М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп бойынша қамқорлықтағы, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан оқушылар мен бастауыш сынып оқушылары бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Мектеп директорының 31.08.2025 жылғы № 80 бұйрығы негізінде құрылған бракераж комиссиясы мүшелері мектеп асханасындағы бір мезгіл тегін ыстық тамақтың берілуіне тексеру жүргізді. Тексеру барысында мектеп асханасында білім алушыларға дайын астың ас мәзіріне сай берілуі, асхана қоймасындағы азық-түліктің дұрыс сақталуы, жарамдылық мерзімі, ыдыстың барлық санитарлық талаптарға сай тазартылуын, бір күндік сынаманың алынуы тексерілді. Мектеп асханасындағы бір мезгіл тегін ыстық тамақ барлық санитарлық талаптарға сай берілуде.