М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Тіл жанашыры-Рабиға Сыздық"

"Тіл жанашыры-Рабиға Сыздық"

М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 27.02.2025 жылы "Грамматика әлемінің" үйірме жетекшісі: Аликулова Айгерім 3 сыныптар аралығында, балалардың барлығын қазақ мектептерінде оқытып, білімді болуына бар мүмкіндік жасаған "Тіл жанашыры-Рабиға Сыздық" тақырыбындағы атаулы күнге байланысты ашық сабақ өткізді.

Мақсаты: Рабиға Сәтіғалиқызы Сыздықтың өмірі мен еңбектері туралы түсінік беру қазақ тіліне деген сүйіспеншілік пен құрмет қалыптастыру. Жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық пен отансүйгіштік сезімін ояту. Заманымызға лайықты білімді де білікті өнегелі де өнерлі етіп тәрбиелеу.

Сабақ барысында оқушыларға жазушының кітаптарынан көрме ұйымдастырылып, Рабиға Сыздықтың өмірбаянымен танысып өтті. Оқушыларға "Кім көп мақал біледі?" ойыны ұйымдастырылып, тапсырмалар орындалды.