" Тілім менің – тірлігімнің айғағы " Бүгін мектебімізде М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің. 9-11-сынып оқушылары арасында тілдер мерекесіне арналған эссе жазу байқауы өтті. Байқау барысында оқушылар өз ойларын көркем тілмен өрнектеп, шығармашылық шеберліктерін көрсете білді. Байқау барысында оқушылар өздерінің ой ұшқырлығын, сөз өнеріне деген құрметін айқын көрсетті.
Жас қаламгерлер ана тіліміздің асыл қазынасын дәріптеп, көркем ойларымен көпшілікке ой салды.Оқушылардың шығармалары тілдің мәңгілік құндылық екенін айшықтап, көпшілікке рухани әсер сыйлады.Бұл шара оқушылардың тілге деген құрметін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды.
Жеңімпаздар онкүндіктің жабылу салтанатында марапатталады.