М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Тілдер» пән бірлестігінің айлық жұмыстары болды

М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тіл — халықтың рухани байлығы

8-31 қаңтар аралығында «Тілдер» пән бірлестігінің айлық жұмыстары болды. Аталған іс-шара барысында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Әлшері Айнұрдың М.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасындағы көркемдегіш құралдар, Алшынбаева Нұрғайша 8-сыныпта М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы кейіпкерлер бейнесі, Әбдіқадыр Раушан 9-сыныпта «Әлемдегі демографиялық өзгерістер», Дүйсенбаева Айжамалдың 5-сыныпта "Плутонға сапар" Үсен Жанар 10-сыныпта А.Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесіндегі ұлттық құндылықтар тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақтың барысында жасанды интелектінің әдістері "wordwall", "Learningapps" әдістерін тиімді пайдаланып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра түсті.Сабақ барысында жасанды интеллектінің элементтерін қолдана отырып, сабақты өзге пәндермен кіріктіре оқытудың тиімді жолдарын көрсетті.

Толық ақпарат Facebook парақшамызда