М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жаңашыл ұстаз – цифрлы әлемде» бастауыш бірлестігінің айлық іс-шарасы аясында мұғалімдер арасында «Цифрлы мақал, сандық жұмбақ» зияткерлік сайысы ұйымдастырылды.
Сайыстың мақсаты – ұлттық құндылықтарды заманауи форматта жаңғырта отырып, мұғалімдердің ой ұшқырлығын, тапқырлығын және шығармашылық қабілетін дамыту.
Зияткерлік сайыс 4 турдан тұрды:
Сан сөйлейді
Сандық жұмбақ
Көзбен көр, сөзбен тап
Өлең сөйлейді, мақал түйіндейді
Сайысқа жаратылыстану, ағылшын тілі, қазақ тілі пәні мұғалімдері мен үйірме, бірлестік жетекшілері белсене қатысты. Әр қатысушы өз білімін, логикалық ойлау қабілетін және шығармашылық шеберлігін жоғары деңгейде көрсете білді.
Сайыс қорытындысы бойынша келесі номинациялармен марапатталды:
«Логика лидері»
«Жаңашыл ұстаз»
«Ұшқыр ой иесі”
“Зияткер ұстаз”
Іс-шараны ұйымдастырған бастауыш пән мұғалімдері:
Афизова Ақерке, Байрабай Таңшолпан
Мұндай мазмұнды әрі тағылымды шаралар ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттырып, шығармашылық ынтымақтастықты нығайта түседі.





