М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

волейболдан мектепішілік жарыс өтті.

«Дені сау ұрпақ – ел ертеңі» ұранымен М. Әуезов жалпы білім беретін мектебінде Дене шынықтыру пәні бірлестігінің айлық іс-шарасының жоспарына сай Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында волейболдан мектепішілік жарыс өтті.

Жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ұстаздар арасындағы ынтымақтастықты арттыру және белсенді өмірге баулу.

Қызықты әрі тартысты өткен сайыс нәтижесінде:

1-орын – Математика инфарматика пәні бірлестігі

2-орын – Жаратылыстану пәні бірлестігі

3-орын – Бастауыш пәні Балауса бірлестігі жеңіп шықты.

Үздік ойыншылар ретінде ерекше көзге түскен:

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі – Исаева Мира,

Тарих пәнінің мұғалімі – Кәдірберді Гүлмира әріптестеріміз мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды.

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

Ұжымдық бірлік пен салауатты өмір салтын қолдайық