М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Үздік мемлекеттік қызметші" ашық есік күні аясында кездесу ұйымдастырды.

Түркістан облысы Отырар ауданы М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіби бағдар беру педагогы Мыңбаев Мадияр Қалтайұлының ұйымдастыруымен 5.03.2026 жылы "Үздік мемлекеттік қызметші" ашық есік күні аясында мектеп оқушыларын Көксарай ауыл әкімшілігіне алып барып дөңгелек үстел форматында тағылымды кездесу ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқушыларды мемлекеттік қызметтің маңыздылығымен таныстыру, мемлекеттік қызметшілердің қоғамдағы рөлі мен жауапкершілігін түсіндіру, жастарға кәсіби бағдар беру және елге қызмет етуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Кездесуге ауыл әкімінің орынбасары Утегенов Жақсылық Салықбаевич,Бас маман іс - басқарушы Халилаев Бексұлтан Мұсаұлы,Бас маман - жер инспекторы Шекербеков Ерболат Мейрамбаевич,Инфрақұрылым жөніндегі бас маман Кеңесбек Азамат Сәбитұлы, Бас маман - есепші Олжабаева Жадыра Бауржановна қатысып мемлекеттік қызметтің маңызы мен жауапкершілігі туралы мазмұнды әңгіме өрбітті.Кездесу барысында мамандар өздерінің қызмет жолы мен тәжірибесі туралы айтып, мемлекеттік қызметтің қоғамдағы рөлі,елге адал қызмет етудің мәні жайында ойларымен бөлісті.Сонымен қатар оқушылар өздерінің толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.