М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Зерде»интеллектуалды ойын өткізілді

М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Интеграциялаған оқыту барысында тілдік дағдыларды қалыптастыру» айлығының аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мүғалімі К. Дуйсенова 23.01 күні 6 «Г» сынып оқушыларымен сыныптан тыс «Зерде»интеллектуалды ойын өткізді.

Мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін кеңейту; білімге деген құштарлыққа, ізденімпаздыққа танымдық ойын арқылы жетелеу, білімдерін, қаншалықты білетіндіктерін тексеру Өз ойын тез тұжырымдай білуге, жылдам, дұрыс шешім қабылдай білуге баулу.

Ойын төрт кезең бойынша өтті:

1. «Ширату» кезеңі

2« Кім жылдам» кезеңі

3. «Теңге алу» кезеңі

4. «Ханталапай» кезеңі

Ойын соңында сыныптың Мұқан Інжу, Медет Әмина, Тәжітай Жәния атты оқушыларымыз өздерінің білімдері мен шапшаңдықтары нәтижесінде жеңіске жетіп,үздік оқушылар атанды. Ойын өте қызықты өтті.

Толық ақпарат Facebook парақшамызда