М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Жаратылыстану - әлем үндестігі» тақырыбында жаратылыстану айлығының ашылу салтанаты болып өтті.

Түркістан облысы Отырар ауданы

М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жаратылыстану» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жаратылыстану - әлем үндестігі» тақырыбында жаратылыстану айлығының ашылу салтанаты болып өтті. Бұл айтулы шара жаратылыстану пәндерінің, яғни химия, биология, физика және география пәндерінің үндестігін дамыта отырып, оқушылардың білім сапасын арттыруға арналады.

Салтанатты шара «Жаратылыстану» бірлестігінің жетекшісі У.Оразбаева өз сөзімен бастады. Ол өз сөзінде жаратылыстану айлығының мақсаты мен міндеттеріне тоқталып, оқушылар мен ұстаздарды бұл шараға белсене атсалысуға шақырды.

Салтанатты ашылу бағдарламасы мектеп оқушыларының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты. Сахна төрінде жаратылыстану пәндерін үндестіре отырып, биші қыздарымыз өнерлерін көрсетті және табиғатқа арналған ән шырқалды. Шара барысында жаратылыстану айлығы аясында өтетін іс-шаралардың жоспары жарияланды. Қорытынды сөз мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы ұстаздар мен оқушыларға сәттілік тіледі.

Толық ақпарат Facebook парақшамызда