М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Жас Ұлан", "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.

Түркістан облысы Отырар ауданы

М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында Педагог - ұйымдастырушы М.Мыңбаев пен мектеп тәлімгері Г.Рахимованың жетекшілігімен 16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан", "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді.

Мақсаты: оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік,танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Міндеттері қазақ халқының тілін,мәдениетін,тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани адамгершілікті қалыптастыру.

Салтанатты жиынға Мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байысбаев Біржан Әбдіманапұлы, мектеп әкімшілігі, мектеп президенті мен парламенті қатысты. Оқушыларды Қазақстан Республикасының патриоты болуға, ата-ананы қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, табиғатты аялауға, салауатты өмір салтын сақтауға, оқуда озат болуға шақырды.

#Біртұтас тәрбие

#Өзін-өзі басқару ұйымы

#Жас Ұлан Жас Қыран

Толық ақпарат Facebook парақшамызда