«Жасанды интеллект: математикалық логика, цифрлық болашаққа» айлығы өз мәресіне жетті!
"М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесінде математика және информатика пән бірлестігінің ұйымдастыруыме «Жасанды интеллект: математикалық логика, цифрлық болашаққа» атты айлық іс-шара өтті. Айлық барысында ашық сабақтар, түрлі іс-шаралар, шеберлік сабақтар, байқаулар мен олимпиадалар өткізілді. Оқушылар жасанды интеллект пен математикалық логиканың негіздерін меңгеріп, өздерінің шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін көрсетті.
Айлық аясында 10-сыныптар арасында аудандық «М.Әуезов кубогі» ұйымдастырылып, үздік оқушылар марапатталды. Сондай-ақ эссе байқауы, мектеп логотипін жасау сайысы және жобалар көрмесі жоғары деңгейде өтті.
Барлық қатысушыларға, ұйымдастырушыларға және қолдау білдірген әріптестер мен демеушілерге алғыс білдіреміз! 🌟
🔹 Білім мен логика – цифрлық болашақтың кепілі!





