«М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Информатика әлемі» үйірме жетекшісі Асилханова Жадыраның ұйымдастырумен "Жасанды интеллект және болашақ" атты интеллектуалды сайыс өткізілді.
Мақсаты: Жасанды интеллект саласындағы технологиялармен таныстыру және оның мүмкіндіктерін зерттеуге қызығушылықтарын ояту;
Оқушылардың аналитикалық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды цифрлық сауаттылыққа баулу және технологияларды тиімді қолдануға үйрету.
Сабақ барсында оқушылар Kahoot, Gamma, Microsoft PowerPoint, Classroomscreen, Wordwall платформаларында берілген тапсырмаларды орындады.