Выберите язык

М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ!

1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ!
Түркістан облысы. Отырар ауданы.
«М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммунналдық мемлекеттік мекемесінде 01.09.2026 күні «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында мерекелік іс-шара өтілді.
Мерекелік жиынға мектеп ұстаздары, оқушылар, ата-аналар және мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер қатысты.
Әсіресе, мектепке алғаш қадам басқан
1 сынып оқушылары үшін бұл күн ұмытылмас ерекше сәт. Бүлдіршіндердің білім әлеміне бастар алғашқы қадамдары құтты болсын!
Мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы салтанатты жиынды ашып, барша ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап,
1 сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндерге ақ тілегін білдірді. Оқушыларға сапалы білім алып, биік белестерді бағындыруға, ізденісте талмай, мектеп мерейін асқақтатуға тілектестігін жеткізді.
Салтанатты шара барысында Көксарай ауыл округінің әкімі Әлімжан Қалмұратұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Есенгелді Нұрлан Мұратханұлы, білімнің маңызын айтып, оқушыларға жаңа оқу жылына ақ жол, толағай табыс және жарқын жетістіктер тіледі.
Жаңа оқу жылы баршаға сәттілік, ізденіс, шығармашылық шабыт пен биік белестер әкелсін!
Білімді ұрпақ – адал азамат—жарқын болашақ!
Жаңа оқу жылы құтты болсын!