Выберите язык
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні!
«Бақытты балалық шақ»
М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп жанынан ашылған «Балдырған» жазғы сауықтыру алаңының жетекшілері І. Баймақан, Т. Кентайбек, С. Джарылкапова, Л.Байдарбекованың ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Шараны мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы құттықтау сөз сөйлеп ашып, балаларға ізгі тілегін білдірді. Мерекелік бағдарлама барысында балалар өз өнерлерін көрсетіп, ән шырқап, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Балалардың шаттыққа толы қуанышын арттыру мақсатында мектеп директорының қолдауымен демеушілер тартылып, балаларға балмұздақ таратылды. Бұл сыйлық бүлдіршіндердің мерекелік көңіл-күйін одан әрі көтере түсті.
Шара соңында мектеп директорының бастауыш сыныптар ісі-жөніндегі орынбасары А. Алтаева мен тәрбие ісі- жөніндегі орынбасары С. Ерден сөз сөйлеп, балаларды мерекемен құттықтады. Олар жазғы демалысты көңілді әрі қауіпсіз өткізуге тілектестік білдіріп, дендеріне саулық, оқуларына табыс және жарқын болашақ тіледі.
Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады. «Балдырған» жазғы сауықтыру алаңының мерекелік күні шаттыққа, күлкіге және қуанышқа толы болды.
"БАЛДЫРҒАН" ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ АЛАҢЫ .
М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп жанынан ашылған «Балдырған» жазғы сауықтыру алаңы 26.05.2026.ж. күнінен бастап өз жұмысын бастады. Жазғы алаңға 1–5-сынып оқушылары тартылып, барлығы 120 бала 4 топқа бөлінді.Алаң жұмысы арнайы күн тәртібі негізінде жүргізіледі. Әр топпен тәрбиешілер жұмыс жүргізеді.Жазғы сауықтыру алаңының жұмыс уақыты күн сайын сағат 09:00-ден 12:30-ға дейін ұйымдастырылған. Осы уақыт аралығында оқушылармен түрлі танымдық, тәрбиелік және спорттық іс-шаралар өткізіліп, сурет және спорт үйірмелері жұмыс жасайды.Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қауіпсіздік ережелерін сақтау қатаң бақылауға алынған. Оқушылардың келіп-кету уақыты арнайы бақылау журналына тіркеліп, тәрбиешілер тарапынан үнемі қадағаланады. Сонымен қатар алаңдағы күн тәртібі мен тәрбиешілердің жұмыс жоспары мектеп директоры тарапынан бекітілген.
Жазғы сауықтыру алаңының негізгі мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және бос уақытын пайдалы өткізуге жағдай жасау. #Жазғысауықтыруалаңы #Көңілдіжазғыдемалыс
«МЕКТЕБІМ, САҒАН МЫҢ АЛҒЫС!»
М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Мектебім, саған мың алғыс! соңғы қоңырау мерекелік жиыны болып өтті. Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбай, Отырар аудандық білім бөлімінің басшысы Шербаев Құдайберген Қайпбекұлы, білім саласының ардагерлері, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар қатысып, мектеп бітіруші түлектерге тілектерін жеткізді.
Салтанатты жиында мектеп табалдырығын алғаш аттаған күннен бастап білім нәрімен сусындап, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектерге ерекше құрмет көрсетілді. Алғашқы ұстаздары мен сынып жетекшілері ортаға шақырылып, мектеп қабырғасындағы жарқын сәттер еске алынды.
Мемлекеттік Ту енгізіліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалғаннан кейін мектеп директоры А.Сыздықәлі оқу жылының қорытындысы бойынша баяндама жасады.
Жиында аудан әкімі Қайрат Жолдыбай сөз сөйлеп, түлектерді мектеп бітіруімен құттықтап, ел игілігі жолында қызмет ететін білімді де білікті азамат болуға шақырды. Сонымен қатар оқу мен қоғамдық жұмыстарда үздік нәтиже көрсеткен бірқатар ұстаздарға марапаттар табысталды.
Мерекелік жиын барысында түлектер ұстаздары мен ата-аналарына алғыстарын білдіріп, ән шырқап, мектеп вальсін биледі. Сондай-ақ «Білім – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын шежіре» атты дәстүрлі рәсімде білім шежіресі кітабы 1сыныпты бітірген кішкентай бүлдіргіндерге табысталды.
Іс-шараның ең әсерлі сәттерінің бірі – мектеп туын 10-сынып оқушыларына тапсыру рәсімі мен соңғы қоңыраудың соғылуы болды. Бұл мектеп бітіруші түлектер үшін балалық шақпен қоштасып, жаңа өмірге нық қадам басудың символына айналды.
Салтанатты жиын соңында түлектер ұстаздарымен, сыныптастарымен және туған мектебімен қимай қоштасып, жарқын болашаққа сеніммен жол тартты.
"М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ
2025–2026 оқу жылында Отырар ауданы көлемінде оқушылар арасында нашақорлықтың алдын алу, психологиялық ахуалды анықтау және қауіп факторларын ерте байқау мақсатында 5–11 сыныпта 540 оқушыдан анонимді сауалнама жүргізілетінін хабарлайды.
Сауалнама оқушылардың психологиялық жай-күйін зерттеу, қауіп-қатердің алдын алу, қолдау қажет ететін жағдайларды ерте анықтау және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.
Сауалнама құпия түрде (жасырын) өткізіледі;
Оқушылардың жеке мәліметтері жария етілмейді;
Нәтижелері тек психологиялық-профилактикалық жұмыстарды жетілдіру мақсатында пайдаланылады.
Басты мақсат – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, психологиялық қолдау көрсету және зиянды әдеттердің алдын алу мектеп психологы: Серікбаева. Г .
Аликулова А.
ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ БОЙЫНША “Өзіңді қорға -өміріңді сақта “ атты сынып сағаты өткізілді .
Оқушылар түрлі қауіпсіздік шаралары туралы танысып шықты .Атап айтқанда : Күннен қорғану , судағы қауіпсіздік ,көлікте отыру , әуежайдағы ,теміржолдағы қауіпсіздік шараларын сақтау туралы оқушыларға егжей тегжейлі түсіндірілді .
М.Әуезов атындағы білім беретін мектебінің оқушысы республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауында жүлделі жетістікке жетті.
2026 жылдың 13–15 мамыр аралығында Павлодар облысы білім басқармасы,
«Ертіс дарыны» өнірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен оқушылар арасында республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауы болып өтті.
Мәшһүр Жүсіп оқуларының мақсаты:
философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында
бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды
өскелең ұрпақта тәрбиелеу; тұлғаның зияткерлік және шығармашылық
әлеуетін дамыту;
Байқауға мектебіміздің10-сынып оқушысы Тәжітай Шапағат «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» бағытындағы ақындар мүшәйрасына қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі 3-орын иеленді.
Қатысушы Тәжітай Шапағат Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы ұлттық рух пен рухани құндылықтарды өз өлеңімен сабақтастырып, шығармашылық қабілеті мен көркем оқу шеберлігін жоғары деңгейде көрсете білді.
Жетекшісі: Дуйсенова Кенжеайым Турсынбаевна
Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!
Қуанышты жаңалық! ![]()
M. Auezov University білім ордасының оқушысы халықаралық деңгейде үлкен жетістікке жетті! ![]()
8-мамыр күні Ташкент қаласы, Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінде мектеп оқушыларына, жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне, жас зерттеушілер мен жас ғалымдарға арналған «Young Scientist» халықаралық ғылыми жобалар конференциясы өтті. Түркістан облысы, Отырар ауданының білім бөліміне қарасты “М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп” комуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушылары техникалық пәндер бағыты бойынша марапатталды: информатика пәнінен Сәбит Мұхаммедәли
GRAND WINNER, жетекшісі: Сейтхан Жазира, математика пәнінен Мұхит Жігер 1-орын, Мұхит Ерасыл 2-орын,жетекшісі: Шамырхан Асылзат, биология пәнінен Юсупова Альбина 2-орын, жетекшісі: Маженова Майра.
Бұл — табандылық пен еңбектің, білімге деген құштарлықтың жарқын нәтижесі. Осындай дарынды шәкірттерімізбен мақтанамыз!
Жас ғалымдарға алдағы уақытта да биік белестер мен толағай табыстар тілейміз! ![]()
![]()
#YoungScientist #GrandWinner #МӘуезов #ЖасҒалым #ХалықаралықЖетістік #БілімгеҚадам
Түркістан облысы Отырар ауданы М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5.05.2026 жылы кәсіби бағдар беру педагогы Мыңбаев Мадияр Қалтайұлының ұйымдастыруымен кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында мазмұнды әрі пайдалы кездесу ұйымдастырылды.Кездесуге "ЗАРЕЧНОЕ" БҚ АҚ ЖҰШ кенішінің директоры Ширдебаев Мухтар Айдарович, Кеніштің Өндірістік қауіпсіздік басқарма бастығының орынбасары Абдулин Махмуджан Ахмаджанович, Кеніштің РҚ және ҚОҚ инженері Хайнарбаев Махсат Пернебаевич қатысты. "ЗАРЕЧНОЕ" БҚ АҚ кеніші директоры мен білікті мамандары 10-11 сынып оқушыларымен жүздесіп, кен өндірісі саласындағы мамандықтар мен еңбек жолы туралы жан - жақты ақпарат берді.
Кездесу барысында оқушылар кеніштегі түрлі кәсіп түрлері мен танысып қана қоймай, әр мамандықтың ерекшелігі, жұмыс барысы, талаптары, еңбек жағдайы және жалақы жүйесі туралы нақты мәліметтер алды. Сонымен қатар мамандар өндірістегі заманауи технологиялар мен жаңашылдықтар айтып, бұл саланың болашағы зор екеніне тоқталды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тікелей жауап алып, пікір алмасты.Бұл олардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына деген қызығушылығын арттырып, нақты бағыт - бағдар алуына мүмкіндік берді.
Кездесу соңында компания өкілдері оқушыларға естелік ретінде арнайы сыйлықтарын табыс етіп, жылы лебіздерін білдірді.Ал мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы өз кезегінде қонақтарға ризашылығын жеткізіп, жас ұрпаққа бағыт - бағдар беріп, мазмұнды ақпаратпен бөліскені үшін шынайы алғысын білдірді
Отырар ауданында “Оқитын сынып” жобасы аясында өткізілген қорытындылау шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Бұл жоба оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, рухани дамуына үлкен серпін берген маңызды бастама болды.
Шара барысында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталды:
Бас жүлде – М. Әуезов атындағы ЖББМ
Жетекшісі: Бозымбаева Айгүл
Оқушысы: Балтабай Гүлден
І орын – Шоқан Уәлиханов атындағы ЖББМ
Жетекшісі: Сағындық Ұлбала
Оқушысы: Орынбасар Еркеназ
Қалған мектептер ll және lll дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, олардың еңбектеріне толағай табыс тілейміз!
Кітап – білімнің қайнар көзі, ал оқитын ұрпақ – ел ертеңі. Осындай игі бастамалар жалғасын тауып, жас ұрпақтың білімге деген құштарлығы арта берсін!
“БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ ТІРЛІК БАР”
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай мектебімізде 7-сынып оқушыларының қатысуымен тағылымы мол тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шара 7-сынып жетекшілері Мамырайым Ж., Жусипалиева Ә., Жумабекова Э., Сейтхан Ж., Асилханова Жадыраның ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға еліміздегі ұлттар арасындағы татулық пен достықтың маңызын түсіндіру, бірлік пен ынтымақты насихаттау, сондай-ақ жас ұрпақты Отанды сүюге, өзге ұлт мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу болды.
Кеш барысында оқушылар бірлік тақырыбында мазмұнды ой қозғап, әсерлі көрініс қойды. Сонымен қатар, күміс көмей әншілер орындауындағы әсем әндер мен мың бұралған бишілердің өнері көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Түрлі ұлттардың мәдениетін дәріптеген билер – египет, қазақ, корей, грузин және заманауи “THAT THAT” биі – кештің көркін аша түсті.
Сондай-ақ, іс-шара барысында алда келе жатқан Әкелер мерекесіне орай ардақты әкелерімізге құрмет көрсетіліп, жүрекке жылы лебіздер айтылды.
Кештің қорытындысында “Бірлігіміз жарасқан” әні орындалып, бірлік пен татулықтың маңызы тағы бір мәрте айқындалды. Қатысқан қонақтар өздерінің жүрекжарды тілектерін білдіріп, жылы пікірлерімен бөлісті.
Бірлігіміз бекем, татулығымыз мәңгі болсын!
Бүгін М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Жаңа заң – жарқын болашақ кепілі» атты тақырыбымен өткен пікірсайысқа қатысып, оқушылардың жаңа Конституцияға қатысты ой-пікірлерін тыңдадым.
Шараның негізгі мақсаты – жастардың азаматтық көзқарасын қалыптастыру, олардың қоғамдық белсенділігін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу және білім мен ғылымға деген қызығушылығын дамыту болды. Бұл бағыт қазіргі қоғамда ерекше маңызға ие, себебі ел болашағы – білімді, саналы, белсенді жастардың қолында.
Пікірсайыс барысында оқушылар шілде айында күшіне енетін Ата Заңның ғылым-білім, мәдениет, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары секілді негізгі баптарына қатысты өз ойларын ашық білдіріп, түрлі көзқарастарды талқылады. Олар өз пікірлерін дәлелдермен негіздеп, қоғамдағы маңызды мәселелерге қатысты белсенді позиция танытты.
Мазмұнды өткен жиында арнайы сөз алып Конституцияға жаңадан енгізілген баптардың қоғамдағы рөлін, олардың әділдігі мен ашықтығы елдегі тұрақтылық пен бірліктің негізі екеніне тоқталдым.
Сондай-ақ, ауданымызда жастарды қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды айтып, "AMANAT" партиясы тарапынан білім мен ғылымды дамытуға, жастардың әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлініп отырғанын, бұл – жас ұрпақтың сапалы білім алып, ел дамуына үлес қосуына үлкен мүмкіндік екенін атап өттім.
Шара соңында белсенділік танытқан оқушыларды алғыс хаттармен марапаттадым. Осындай тағылымы мол бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табуын және мұндай мазмұнды шараларды әрқашан қолдауға дайын екендігімді жеткіздім.
"AMANAT" партиясының Отырар аудандық филиалының және аудандық мәслихаттың төрағасы Ұзақов Уалихан Жамалханұлы