Выберите язык

М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні!

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні!

🌸«Бақытты балалық шақ»

М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп жанынан ашылған «Балдырған» жазғы сауықтыру алаңының жетекшілері І. Баймақан, Т. Кентайбек, С. Джарылкапова, Л.Байдарбекованың ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

📌Шараны мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы құттықтау сөз сөйлеп ашып, балаларға ізгі тілегін білдірді. Мерекелік бағдарлама барысында балалар өз өнерлерін көрсетіп, ән шырқап, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Балалардың шаттыққа толы қуанышын арттыру мақсатында мектеп директорының қолдауымен демеушілер тартылып, балаларға балмұздақ таратылды. Бұл сыйлық бүлдіршіндердің мерекелік көңіл-күйін одан әрі көтере түсті.

📌Шара соңында мектеп директорының бастауыш сыныптар ісі-жөніндегі орынбасары А. Алтаева мен тәрбие ісі- жөніндегі орынбасары С. Ерден сөз сөйлеп, балаларды мерекемен құттықтады. Олар жазғы демалысты көңілді әрі қауіпсіз өткізуге тілектестік білдіріп, дендеріне саулық, оқуларына табыс және жарқын болашақ тіледі.

📌Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады. «Балдырған» жазғы сауықтыру алаңының мерекелік күні шаттыққа, күлкіге және қуанышқа толы болды.

Толық ақпарат facebook парақшамызда