М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

Анонимді сауалнама жүргізілді

"М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ

2025–2026 оқу жылында Отырар ауданы көлемінде оқушылар арасында нашақорлықтың алдын алу, психологиялық ахуалды анықтау және қауіп факторларын ерте байқау мақсатында 5–11 сыныпта 540 оқушыдан анонимді сауалнама жүргізілетінін хабарлайды.

Сауалнама оқушылардың психологиялық жай-күйін зерттеу, қауіп-қатердің алдын алу, қолдау қажет ететін жағдайларды ерте анықтау және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.

🔹 Сауалнама құпия түрде (жасырын) өткізіледі;

🔹 Оқушылардың жеке мәліметтері жария етілмейді;

🔹 Нәтижелері тек психологиялық-профилактикалық жұмыстарды жетілдіру мақсатында пайдаланылады.

Басты мақсат – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, психологиялық қолдау көрсету және зиянды әдеттердің алдын алу мектеп психологы: Серікбаева. Г .

Аликулова А.