М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

Абайды оқы, ерінбей» тақырыбында әдеби-танымдық іс-шара өтті.

Түркістан облысы,Отырар ауданы Көксарай ауылындағы М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Жаңашыл ұстаз-цифрлық әлемде » бастауыш сынып пән бірлестігінің айлық іс-шара жоспарына сәйкес 4 «В» сынып жетекшісі Сапарбаева Жазира сыныптың оқушыларымен мектептің кітапхана залында «Абайды оқы, ерінбей» тақырыбында әдеби-танымдық іс-шара өтті.

Мақсаты:

Жас ұрпақты Абай шығармаларын оқуға, терең түсінуге баулу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, адамгершілік пен еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Шара барысында оқушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқып, ақын мұрасынан тағылым алды. Ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының шығармаларын жатқа оқыған балаларды дипломмен марапаттады.

Бұл әдеби-танымдық іс-шара оқушылардың рухани дамуына ықпал етіп, әдебиетке деген қызығушылығын арттырды.

#АбайдыОқыЕрінбей #АбайҚұнанбайұлы #РуханиҚұндылық #ӘдебиКеш #ОқуғаҚұштар