Алғашқы қоңырау – білімге бастайтын мерейлі мереке
Бүгін М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінде жаңа оқу жылының «Мектебім – мейірім мекені» атты алғашқы қоңырауы соғылып, оқушылар үшін ерекше қуанышты сәт басталды. Мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғаппарқызы құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздарға қажырлы еңбек пен табыс тіледі. Мерекеге ауылдың құрметті ардагер ұстазы М.Башаров, ауыл әкімі Ә.Қалмұратұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Б.Амангелдиев,
, сондай-ақ «Қазпошта» бөлімшесінің басшысы Ж.Мырзапейсов арнайы шақырылып, құттықтау сөз сөйледі.
Алғашқы қоңырау – тек оқушылардың ғана емес, ата-аналар мен ұстаздар қауымының да ортақ мерекесі. Өйткені бұл күн – жаңа үміттің, жаңа жоспардың және жарқын болашақтың символы.
Жаңа оқу жылында шәкірттерімізге сапалы білім, жарқын жетістік, биік белестер тілейміз. Ұстаздарымыздың еңбегі жемісті болып, шәкірт тәрбиесіндегі табыстары арта берсін. Ал ата-аналарға ұрпақтарының әр жетістігі қуаныш сыйлап, мақтанышқа айналсын дейміз. Іс-шара көтеріңкі көңіл күймен өтіп, білімге алғашқы қадам басқан бүлдіршіндерге ерекше қуаныш сыйлады.
Жаңа оқу жылы құтты болсын!