«Ана-өмір шуағы»
Бүгін 06.03.2026 ж “М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Жас математик» үйірме жетекшісі Жандарбаева Ғазизаның жетекшілігімен, үйірме оқушыларының қатысуымен «Ана-өмір шуағы» атты тәрбиелік мәні зор тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты барысында бастауыш сынып оқушылары аналарға арналған өлеңдер оқып, жүрек жарды тілектерін арнады. Сонымен қатар оқушылардың орындауындағы әдемі билер мен әсерлі көріністер кештің көркін аша түсті. Балалардың өнері көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлап, аналарға деген сүйіспеншілік пен құрметті тағы бір мәрте сезіндірді.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың бойында мейірімділік, сыйластық және анаға деген шексіз құрметті қалыптастырады.
Ана-өмірдің шуағы, әр жүректің жылуы! ![]()





