М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс
АТА - АНАЛАР НАЗАРЫНА

АТА - АНАЛАР НАЗАРЫНА

ҚҰРМЕТТІ АТА - АНАЛАР!!

Түркістан облысы. Отырар ауданы.

Оқу жылының аяқталуы — әрбір оқушы үшін маңызды белес. Балаларымыздың бұл мерекесін қауіпсіз, заң аясында және абыроймен өткізуіміз керек. Осыған орай,

"М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 - 2026 оқу жылының аяқталуына байланысты, соңғы қоңырау мен қорытынды аттестаттау кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында төмендегі ережелерді қатаң сақтауды сұрайды.

✅ Аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ұйымдастырылады.

✅ Сыйлықтар мен ақша жинау: Мұғалімдерге сыйлық беруге, мектеп жөндеуіне немесе басқа да мақсаттарға қаражат жинауға қатаң тыйым салынады.

✅ Мерекелік шаралар: Аниматорлар шақыруға, мейрамханаларда немесе үй жағдайында дастархан жайып, мерекелеуге рұқсат етілмейді.

✅ Қауіпсіздік: Түлектердің қауіпсіздігі үшін автокөлік шерулеріне шығуға және көңіл көтеру орталықтарына баруға шектеу қойылған.

✅ Мектеп формасы: Емтихан және қорытынды кезеңде оқушылардың мектеп формасын сақтауы міндетті.

Бұл шектеулер — біздің балаларымыздың қауіпсіздігі мен білім беру ортасындағы әділдікті сақтау үшін енгізілген ортақ талап.

🤝 Құрметті ата - аналар!

Бала болашағына бей - жай қарамай, осы ережелерді түсіністікпен қолдайды деп сенеміз. Біздің мақсатымыз — сапалы білім мен саналы тәрбие!

Мектеп әкімшілігі.