М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

“Бөлудің компоненттері” тақырыбында ашық сабақ өтті

“М.Әуезов атындағы жбб мектеп” КММ

“Балауса” бастауыш бірлестігінің “Жаңашыл ұстаз – цифрлы әлемде” тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес бүгін, 26.01.2026 ж, 2 “В” арнайы сыныбында математика пәнінен

Аймурзаева Гулжамал

“Бөлудің компоненттері” тақырыбында ашық сабақ өтті.

Сабақтың мақсаты:

Бөлудің компоненттері туралы түсінік қалыптастыру, есептер шығару барысында дұрыс қолдана білуге үйрету, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақ барысында мұғалім заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып, сабақты қызықты әрі мазмұнды ұйымдастыра білді. Оқушылар берілген тапсырмаларды белсенді орындап, бөлудің компоненттерін ажырата отырып, өз білімдерін көрсетті.

Сабақ өте қызықты және пайдалы өтті. Оқушылар шығармашылықпен жұмыс жасап, өз ойларын еркін жеткізе алды. Сабақ соңында оқушылар бағаланып, кері байланыс берілді.

Мұғалім ашық сабаққа қатысқан барлық ұстаздарға алғыс білдірді.