М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Балалық шақтан болашаққа»

«Балалық шақтан болашаққа»

М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып түлектеріне аттестат тапсыру салтанаты19 маусым куні өтті.

М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектепте 2024-2025 оқу жылын аяқтаған 11-сынып түлектеріне арналған салтанатты аттестат тапсыру рәсімі жоғары деңгейде өтті. «Балалық шақтан – болашаққа» атты мерекелік кеш мектеп ұжымының, ұстаздар мен ата-аналардың, жас түлектердің жүрегінде мәңгілік есте қалатын ерекше сәтке айналды. Биыл мектепті 74 түлек аяқтап, барлығы да орта білім туралы аттестат алып, жаңа өмірге қадам басты. Салтанатты жиын барысында біліммен, еңбекпен дараланған шәкірттер де ерекше құрметке бөленді. Олардың ішінде 7 оқушы – «Алтын белгі» иегері атанды: Ғабит Айшабибі, Бәкір Жәнібек, Тәжітай Фатима, Тілес Құдияр, Балтабай Еркежан, Сейілқұл Заңғар, Құдайберген Роза. Сондай-ақ, 5 оқушы – үздік аттестатқа ие болды: Зикиш Амина, Немат Аршат, Құдайберген Назерке, Құдайберген Айдана, Шертаева Қасиет.

Мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғапбарқызы салтанатты сөз сөйлеп, жас түлектерге ақ жол тілеп, ұстаздар мен ата-аналарға алғысын білдірді. Ол өз сөзінде:

«Бүгінгі күн – білім мен еңбекке құрылған он бір жылдық үлкен сапардың қорытындысы. Түлектеріміздің әрқайсысына болашақта сәттілік пен жарқын өмір тілейміз. Сеніммен алға басыңдар!» – деді. Кеш барысында ұстаздар мен ата-аналар түлектерге жүрекжарды тілектерін арнап, мектеп өмірінен естеліктерімен бөлісті. Түлектер де өз кезегінде ұстаздарына алғыс айтып, өнерлерін паш етті. «Балалық шақтан – болашаққа» аттанған 74 түлекке сәттілік тілейміз! Бұл күн – олардың өміріндегі жаңа парақтың бастауы. Армандарың асқақ, жолдарың ашық болсын, жас түлек!