М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Балауса» бастауыш бірлестігі айлығының ашылуы өтті.

М. Әуезов атындағы ЖББМ КММ-де

«Балауса» бастауыш бірлестігі айлығының ашылуы өтті.

Тақырыбы: “ Жаңашыл ұстаз- цифрлы әлемде”

Аталған айлықтың негізгі мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, педагогикалық тәжірибе алмасу және оқу-тәрбие үдерісіне жаңашыл әдіс-тәсілдерді енгізу.

Айлықтың ашылу салтанаты барысында бірлестік жетекшісі: Айдарханова Алмагүл Серікқызы бірлестік мүшелерін алдағы жоспарлармен таныстырып, өткізілетін ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар мен әдістемелік жұмыстардың маңыздылығы атап өтті.

Айлық аясында түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту көзделіп отыр.

«Балауса» бастауыш бірлестігіне шығармашылық табыс, нәтижелі жұмыс тілейміз!