М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Балдырған» лагерінің жабылуы және «Менің сүйікті кітабым» атты іс-шара болып өтті.

«Балдырған» лагерінің жабылуы және «Менің сүйікті кітабым» атты іс-шара болып өтті.

М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы «Балдырған» жазғы сауықтыру алаңының жабылу салтанаты өтті. Лагердің соңғы күнінде ауылдық кітапхана меңгерушісі Қожабаева Жайна апайдың қатысуымен «Менің сүйікті кітабым» атты тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты : Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани және мәдени дамуына қолдау көрсету.

Іс-шара барысы: Балалар өздері оқыған сүйікті кітаптарын таныстырып, кейіпкерлер туралы пікірлерін ортаға салды;

Кітап кейіпкерлері бойынша сұрақ-жауаптар мен қызықты ойындар өткізілді; Белсенді оқырмандар мақтау қағаздарымен марапатталды;Жайна апай кітаптың бала тәрбиесіндегі рөлі туралы қысқаша дәріс оқыды.

Бұл шара балалардың кітап әлеміне деген сүйіспеншілігін оятып, жазғы демалысты мазмұнды әрі қызықты етіп аяқтауға мүмкіндік берді.

#балаларкітапханасы

#біртұтастәрбие

#көңілдіжаз