М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Дені сау ұрпақ – ел болашағы!»атты тақырыбында сынып сағатын өтті

Түркістан облысы Отырар ауданы М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушылары

«Дені сау ұрпақ – ел болашағы!»атты тақырыбында сынып сағатын өтті.

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні – адамзат үшін ең қымбат құндылықтың қадірін еске салатын ерекше күн. Денсаулық – тек жеке адамның байлығы ғана емес, ол – ұлттың қуаты, елдің өркендеуінің негізі.

Қазіргі таңда әрбір жас өз өмір салтына жауапкершілікпен қарап, денсаулығын сақтауды басты орынға қоюы тиіс. Себебі білімді, саналы әрі дені сау ұрпақ қана тәуелсіз еліміздің жарқын болашағын қалыптастырады.

Біз, 11-сынып оқушылары мен жетекшілері баршаңызды салауатты өмір салтын ұстануға, зиянды әдеттерден аулақ болып, спортпен айналысуға және өз денсаулығыңызды бағалауға шақырамыз. Әрбір жасалған дұрыс таңдау – болашаққа салынған берік қадам.

Деніңіз сау, рухыңыз биік болсын! Өйткені дені сау ұрпақ – ел болашағы!