М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Есеп шығару" тақырыбында ашық сабақ өткізді

“М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

“Балауса” бастауыш бірлестік сынып айлығында

бастауыш сынып мұғалімі Қасым Жаңагүл Тәңірбергенқызы 1 “б”сынып оқушыларымен математика пәнінен "Есеп шығару" тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың негізгі мақсаты – есептерді түрлі тәсілдермен (сызба, сурет, қысқаша жазба) модельдеу және есепті шешуге тірек болатын сызбаны дұрыс таңдай білу дағдыларын дамыту.

Сабақ барысында оқушылар:

Есепті талдады;

Қарапайым сызбалар мен суреттер арқылы шешімін тапты;

Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, топпен жұмыс істеді.

Бүгінгі сабақта мұғалім заманауи ЖИ технологияны ұтымды пайдалана білді. Технология мен педагогиканың ұштасуы сабақтың құрылымын жаңа деңгейге көтеріп, күрделі тақырыптарды қарапайым әрі әсерлі жеткізуге жол ашты.

Ойын элементтері мен визуалды тапсырмалар арқылы балалардың қызығушылығын арттырды. Оқушы өз бетімен ойланып, дұрыс шешімге келуге бағытталған бұл сабақ оқушылардың логикалық ойлауын, математикалық тілін және шығармашылық қабілеттерін дамытуға септігін тигізді.

Ашық сабақ жоғары деңгейде өтілді.