М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

қарттарыңды құрметте!

Түркістан облысы Отырар ауданы М.Әуезов жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1.10.2025 ж

Қамқорлық жобасы аясында Қарттар күніне орай мектебіміздің оқушылары қарттар үйіне барып, ардагерлер мен қарттарға сый-құрмет көрсетті. Іс-шараның басты мақсаты – үлкендерге рухани қолдау білдіру, мерекелік көңіл-күй сыйлау, сондай-ақ жас ұрпақты мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Осындай кездесулер арқылы ұрпақтар сабақтастығы нығайып, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету дәстүрі жалғасын табады.

#ҚарттарКүні